Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының жұмыс жоспарына сәйкес облыстық ұйымның бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы А.Алимпиев, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі маман Н.Жетпісбай облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында болды.
Кездесудің мақсаты – еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңдылығының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізу. Кәсіподақ өкілдері оқу орнының бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысымен танысты. Еңбек заңнамасының қолдану ерекшеліктері мен оқытушылар мүддесін қорғау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестер берді.
Орталық директорының міндетін атқарушы Ш.Жеткергенова, кәсіподақ төрағасы Ұ.Бердешова және бас есепші К.Әжіғалиева ұжымдық шарт, ішкі еңбек тәртібі мен өзге де құжаттарды көрсетіп, оларды жүргізу бойынша әдістемелік көмек алды.