Жезқазған қаласы білім қызметкерлерінің кәсіподағы білім бөлімімен бірлесіп “Инклюзивті іс-тәжірибе” байқауын өткізді.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің білім алушылардың барынша дамуына, олардың табысты оқуына және білім алуына жағдай жасауға бағытталған оқу-тәрбиелік, диагностикалық және түзету іс-шаралар кешенін жүзеге асыру арқылы оқу-тәрбие процесінің барлық қатысушыларына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудегі қызметін ұйымдастыруды мақсат еткен байқауға Жезқазған қаласында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды оқытатын білім беру ұйымдары қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша мектеп арасында Бас жүлдені №3 ЖББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гульмира Камалова жеңіп алды. І орын №21 директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Актоты Ахметованың еншісінде, ІІ орынды Қабден Шыңғысов атындағы №5 ЖББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Назгуль Омарова, №26 гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Асемгуль Билялова, ІІІ орынды №22 ЖББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Анипа Темирханова, №24 ЖББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Карлыгаш Кубайдильдина, №11 ЖББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жазира Бисенова иеленді.
Балабақшалардың ішінен “Ханшайым” бөбекжайының әдіскері Марина Яскунова суырылып шықса, жүлделі І орын “Айсұлу” бөбекжайының әдіскері Жансая Бекпаеваға тиесілі. ІІ орын “Ертөстік” бөбекжайының педагог-психологі Нурбахыт Иманбай, “Айналайын” бөбекжайының педагог-психологі Гүлжауһар Оразәлі жеңіп алды. Үздіктер үштігін “Балбөбек” бөбекжайының әдіскері Любовь Микодина, “Ұшқын” бөбекжайының әдіскері Гульжанат Асетова, “Тамаша” бөбекжайының әдіскері Науат Есмагамбетова түйіндеді.