“Қалың қалай, бастауыш ұйым?” акциясы аясында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрайымы Күлдар Есебаева Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелерімен кездесті.
Кездесуде облыстық филиалдың атқарған жұмыстары туралы, еліміздің қоғамдық-саяси дамуының қазіргі жағдайында Қазақстан кәсіподақтары-
ның қызметі, ұжымдық шарт түзу негіздері туралы түсіндірілді. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамалары, еңбек мәселелерінің халықаралық қағидаттары мен нормалары туралы айтып өтті.
Сондай-ақ, еңбекті ұйымдастыру деңгейі, кәсіподақ ұйымның қаржылық жағдайы, кәсіподақ комитетінің беделі, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал, қызметкерлерді кәсіподақ мүшелігімен қамтылуын туралы әңгіме болды.
Әрі қарай жиын барысы әдеттегідей қатысушылардың сұрақ-жауаптарына ұласып, сөз соңында филиал төрайымы кәсіподақ ұйымына көрсетілген сенімдері үшін алғысын білдіріп, кәсіподақ мүшелерінің игілігі үшін ортақ жұмыстың жемісті болатынына сенім білдірді.