Алматы қаласы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Үйлестіру кеңесінің отырысында «Қызмет» салалық кәсіподағының Алматы қаласы филиалының төрайымы Данагүл Айнақұлова 2022 жылы атқарылған жұмысты қорытындылап, баяндама жасады.
Төрайым өзінің кіріспе сөзінде: «Біз үшін өте маңызды істердің бірі әрі бірегейі – «Әлеуметтік әріптестікті нығайту», – деп атап өтті.
Филиал Қазақстан Конституциясына түзетулер енгізу жөніндегі республикалық референдум өткізу туралы бастамасын қолдай отырып, желілік кестеге сәйкес филиалдың барлық БКҰ-да еңбек ұжымдарымен кездесулер-жиналыстар өткізіп, ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер туралы түсіндірулер жүргізді.
Сонымен қатар, Президент сайлауына үгіт-насихатта да филиал қызметкерлері белсенділік танытты. ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдауда сенімді өкілі ретінде әрі Наурызбай аудандық штабтың мүшесі ретінде, филиал төрайымы Данагүл Айнақұлова сайлауға арналған үгіт-насихаттарды өткізуге және Қазақстан Республикасы Президентінің салтанатты ұлықтау рәсіміне, Алматы қаласында өткен Халықаралық Еңбек Ұйымы ұйымдастырған «Еңбек нарығында халықаралық стандарттарды ратификациялау мен қолдануда әлеуметтік диалог пен кәсіподақтардың ролі» тақырыбындағы екі күндік семинарға қатысты және де қазан айында Алматы қаласында Орталық Азия кәсіподақтарының өңірлік конференциялар сияқты бірқатар мемлекеттік шаралардың өткізілуіне белсенді түрде атсалысты.
«Еңбек адамын ұлықтау – жаңа Қазақстанға қадам» деп аталатын филиал бастамасы өзімен бірге жұмыс атқарып келе жатқан бастауыш кәсіподақ ұйымдарында көп жылдар бойына жұмыс атқарып жүрген қызметкерлер еңбегін бағалау мақсатында 2022 жылы «Еңбек адамына» арналған мақалалар «Qazaqstan kaspodagy» газетінде, «Мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподағы» фейсбук парақшасында, info:@gbstu.kz беттерінде жарық көрген.
2022 жылдың желтоқсан айында салалық кәсіподақ жаңа 3 кәсіподақ ұйымдарымен толықтырылды: Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қамқор» Әлеуметтік үйі КММ; «Шыңға өрлеу» Әлеуметтік жобасы ұжымы; «Асыл дария» Қоғамдық қоры. Сондай-ақ, бастауыш ұйымдарда кәсіподақ мүшелерін 100 пайыз қамту мақсатында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша экология департаменті ұжымында толық кәсіподақ мүшелерімен қамтылды. Есепті жылда филиал кәсіподағы 117 адамға толықты.
«Балалар жылына» орай «Қызмет» салалық кәсіподақтың Алматы қаласы бойынша филиалы балаларға арнап бірқатар іс-шаралар өткізді. 2022 жылы сәуірдің 29-30 күндері Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі балалардың “Мүмкін емес дүние болмайды” атты қалалық шығармашылық көрмесіне қатысты. «Балаларды қорғау күніне» орай филиал қызметкерлері – кәсіподақ мүшелерінің балаларының қалалық зоопаркке қайырымдылық сапарын ұйымдастырды. Жеке эскиз бойынша Алматы қаласы бойынша “Қызмет” филиалының атынан балаларға арналған шақыру билеттері әзірленді. 1 маусымнан айдың соңына дейін 172 бала ата-анасымен бірге жалпы саны 264 адам хайуанаттар бағына барды. «Мектепке жол» акциясы бойынша да қыркүйек айында мектепке баратын қызметкерлердің балаларына 600 000 (алты жүз мың теңге) оқу жабдықтар алуға және көпбалалы аналарға ақшалай көмек, бастауыш кәсіподақ ұйымының РОСО қызметкері Алимжановтың баласына мүгедек арбасын алуға 100 000 (жүз мың) теңге ақшалай көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, ең ауқымды жобалардың бірі ҚРКФ «Халықтық бюджет» жобасы. Бұл жобаны филиалдың 2 БКҰ жеңіп алды. Олар «Аяла» әлеуметтік қызметтер орталығы КММ және Алматы қаласы «Медеу ауданы әкімінің аппараты» КММ.
Аталған жоба аясында Алматы қаласы «Медеу ауданы әкімінің аппараты» КММ жобасы «Қызметкерлерді сауықтыру және денсаулығын қолдау» деп аталды. «Қызмет» салалық кәсіподақтың Алматы қаласы бойынша филиалы «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» КММ жобасына 100 000 (жүз мың) теңге ақшалай сыйақы және спорт ойындарына керекті жабдықтар сыйлады.
2022 жылы қазан айында бір айлық жоба «Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби эмоционалды құлдырауының алдын алу» семинарын өткізді. Бағдарлама аясында тәжірибесімен бөліскен коуч-тренер, білім алушыларға түрлі психологиялық ойындар мен тест тапсырмалар жүргізді. Қатысқан қызметкерлер сертификатпен марапатталып, шара соңында тимбилдинг ұйымдастырып тау бауырайына демалыс ұйымдастырды.
Қызметкерлерге күнтізбедегі күндерді атап өту үшін баланың тууына, жақын туысының қайтыс болуына және ота жасатуға, шипажайларда демалуларына байланысты жалпы алғанда жыл бойына 130 астам материалдық көмек көрсетілді. Қазақстанның санаторийлері мен демалыс үйлерінде жолдама құнына 50% жеңілдікпен өз денсаулығын жақсартуға мүмкіндік жасалды. «Жаңа қорған», «Сары ағаш», «Жаркент Арасан», «Маржан Су», «Көктем», «Манкент» шипажайларына жеңілдікпен барып 15 астам адам денсаулығын сауықтырып қайтты.
Қорытындылай келе, Данагүл Мұхамедкерімқызы 2022 жыл жемісті жыл болғандығын айтып, әріптестерінің алдағы уақыттағы атқарылар істеріне сәттілік тіледі.