Қызылордада облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетовтың төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссиясының отырысы өтті.
Комиссия отырысында «Қызылорда облыстық медициналық жедел-жәрдем станциясы» мемлекеттік кәсіпорыны жұмыскерлерінің жалақысын көтеру мәселесі қаралды.
Қызылорда облыстық медициналық жедел-жәрдем станциясында қазірде 941 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде жүргізушілер саны – 229.
Кәсіпорын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қаржыландырылады.
Кәсіпорында барлығы 229 жүргізуші жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда жүргізушілер жалақы аздығы, өздеріне қатысты лауазымдық міндеттемелері бойынша наразылықтарын білдірген.
Кәсіпорын басшысының орынбасары Ғалия Нұрсейітованың хабарламасында ұйымның есеп бөлімімен жүргізушілердің айлық жалақысын есептеуі жедел медициналық көмектің және медициналық көмектің жан басына шаққандағы нормативіне сәйкес дұрыс жүргізілетіндігі, 2023 жыл басынан жалақы көбеюімен жүргізушілер жалақысының 120-154 мың болатындығы жеткізілді.
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов жедел медициналық көмектің және медициналық көмектің жан басына шаққандағы нормативін көтеру бойынша құхырлы органдарға ұсыныс беру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын алға тартып, мәселеленің күрделілігіне тоқталды.
Комиссия отырысының талқылауы бойынша жедел жәрдем көліктері жүргізушілерінің жалақысын көбейту жедел медициналық көмектің және медициналық көмектің жан басына шаққандағы нормативін көтеру арқылы ғана жүзеге асырылу мүмкіндігі айқындалды. Комиссия отырысы қорытындысмен аталған бағыттағы жұмыстарды облыстық денсаулық сақтау басқармасы шұғыл түрде жүргізіп, кәсіпорынның есеп бөлімі жүргізушілер жалақысын қайта есептеуді жүргізу туралы хаттамалық тапсырмалар берілді.