Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығында» «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-мен бірлесіп, қала кәсіпорындарының қатысуымен азаматтардың барлық санаттары үшін «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының заң клиникасының филиалы бейресми жұмыспен қамтуды болдырмау және әлеуетті қызметкерлермен еңбек қатынастарын заңдастыру мақсатында азаматтарды көшпелі қабылдау форматында «Еңбек шартын жасаңыздар!» ақпараттық-түсіндіру акциясы өткізілді.
Бос орындар жәрмеңкесіне қатысушылар еңбек заңнамасы мәселелері бойынша кеңес алды, еңбек шартын жасасу қажеттілігі, оның мазмұны, оны ресімдеу және сақтау тәртібі, қызметкер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері, жалақы төлеу, демалыс беру және әлеуметтік кепілдіктер алу туралы түсіндірме алды.
Бос орындар жәрмеңкесіне қатысушылар бұзылған еңбек құқықтарын қорғау рәсімін білуі үшін оларға Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қоғамдық қабылдау бөлмесінің байланыс телефондары және Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының өтеусіз құқықтық және татуластыру қызметтерінің спектрін алу мүмкіндігі туралы парақшалары көрсетілген еңбек шартын жасасу тәртібі туралы ақпараттық флаерлар табыс етілді.