2023 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС мен «Қарағанды энергетикалық компаниялар тобы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ арасында жасалған 2023-2025 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шарт күшіне енді.
Кәсіподақ мүшелері мен оларға қосылған қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік кепілдіктерді көздейтін құжат жұмыс беруші мен кәсіподақ тараптары өкілдерінің бірлескен жұмысымен әзірленді.
Ұжымдық шарт тараптардың келісімі бойынша еңбек заңнамасында белгіленген нормалардан тыс қабылданатын, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі жөніндегі ереже мен кепілдіктерді жақсартады.

Мысалы, енді жаңа Ұжымдық шарт бойынша 14 жасқа дейінгі екі және одан да көп баласы бар еңбек ұжымының мүшелеріне жалақысы сақталмай немесе 3 жұмыс күніне дейін қызметкерлердің балалары бірінші некеге тұрған кезде орташа жалақысы сақтала отырып, күнтізбелік 3 күнге дейін демалыс алуға болады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде әлі көзделмеген басқа да қосымша кепілдіктер мен құқықтық нормалар енгізілген.
Ұжымдық шарт «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасы» ММ-де тіркеліп, мониторингке алынды.
