Кеңес мүшелері ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің шешімдерін талқылады

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, Бас кеңес мүшесі Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Кеңес отырысына салалық кәсіподақтар филиалдарының төрағалары, кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде ҚР Кәсіподақтар федерациясының Атқару комитетінің Бас Кеңесінің 2022 жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары, ҚР КФ төрағасымен ағымдағы 2023 жылды «Еңбек қауіпсіздігі жылы» деп жариялауы туралы, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі, техникалық инспекторлар жұмысын жүйеге келтіру, еңбекті қорғау және еңбек заңнамалары бойынша семинар оқытулар ұйымдастыру, Медиация және Заң клиникасы жұмысын жүргізу сонымен қатар, келісу комиссиясының жұмысы жайлы сөз қозғалып, алға қойылған жаңа міндеттермен бөлісті.

Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар Бас кеңес отырысынан кейін ұйымдастырылған «Жаңа қоғамдық келісім: Әділетті еңбек қатынастары» Әлеуметтік әріптестер форумында айтылған мәселелермен толыққанды ақпараттандырылды.

Бұдан басқа, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі кәсіподақ жұмысының өзекті бағыттарын айқындап, «Еңбек қауіпсіздігі жылы» аясында жоғарыда аталған мәселелер бойынша жұмыстарды атқару үшін салалық кәсіподақ филиалдары төрағаларына және аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлеріне тиісті нақты тапсырмалар берді.