Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор анықталды

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС кәсіподақ комитеті жыл сайын техникалық инспекторлардың жұмысына талдау жүргізеді және жыл қорытындысы бойынша цехтың еңбекті қорғау жөніндегі үздік инспекторы марапатталады.


2022 жылы «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС КТЦ-2 Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Нягу Елена Владимировна үздік болып танылды.

Оның станциядағы еңбек өтілі 15 жылдан асады. 2019 жылы еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор болып сайланды. Қазандық турбиналық 2-цехында жұмыс істейді. Өте сауатты маман, өз жұмысына жауапкершілікпен қарайды, станциядағы әріптестері арасында үлкен құрметке ие.