«Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Бағлан Қарашолақовтың төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңеске отырысына өңірдегі барлық салалық кәсіподақ ұйымдарының басшылары мен өкілдері қатысты.
Үйлестіру кеңесі отырысының қатысушыларына Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы үстіміздегі жылдың 27 қаңтарында Астанада өткен ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің отырысында және 2022 жылғы ҚРКФ қызметінің қорытындыларына арналған «Жаңа қоғамдық келісім: әділетті еңбек қатынастары» әлеуметтік әріптестер форумында айтылған мәселелерді жеткізіп, жан-жақты талқылады.
Сонымен қатар, ҚР Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесінің шешімімен 2023 жыл «Қауіпсіз еңбек жылы» болып жариялануына байланысты, осы жылы өткізілетін іс-шаралар жоспарына ұсыныстар беру айтылды.
Сондай-ақ жиын барысында Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің 2022 жылы атқарған жұмыстары туралы төраға орынбасары Бахтияр Қараулов есеп берді.
Жиын соңында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар депутаттарын сайлауға байланысты Кәсіподақтар федерациясының Үндеуіне тоқталып, аймақтағы кәсіподақ көшбасшыларымен мен кәсіподақ мүшелерін алдағы сайлауға белсенді қатысып, үміткерлерді жан-жақты қолдауға шақырды.
Үйлестіру Кеңесін қорытындылай келе кеңес төрағасы салалық кәсіподақ ұйымдарының басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.