Кәсіподақ ағымдағы жылдың міндеттерін белгіледі

«Алматы облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Үйлестіру кеңесінің төрағасы Ә.Қыдырмановтың төрағалығымен кеңестің кезекті отырысы өтті.


Кеңес отырысына салалық кәсіподақтар филиалдарының төрағалары, кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде «Алматы облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің 2022 жылғы қызметі, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 2023 жылғы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуы, «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша филиалының атқарған жұмыстары, «Алматы облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» Жастар кеңесінің атқарған жұмыстары, «Алматы облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» Жастар кеңесінің төрағасын жаңадан сайлау, «Алматы облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Үйлестіру кеңесінің құрамына толықтырулар енгізу, әлеуметтік желіде жұмысты жандандыру, «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесуді жалғастыру сынды мәселелер және ҚР Кәсіподақтар федерациясының Атқару комитетінің Бас Кеңесінің 2022 жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары, ҚР КФ төрағасымен ағымдағы 2023 жылды «Еңбек қауіпсіздігі жылы» деп жариялауы туралы, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі, техникалық инспекторлар жұмысын жүйеге келтіру, еңбекті қорғау және еңбек заңнамалары бойынша семинар оқытулар ұйымдастыру, Медиация және Заң клиникасы жұмысын жүргізу сонымен қатар, келісу комиссиясының жұмысы жайлы сөз қозғалып, алға қойылған жаңа міндеттермен бөлісті.

Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ә.Қыдырманов кәсіподақ жұмысының өзекті бағыттарын айқындап, «Қауіпсіз еңбек жылы» аясында жоғарыда аталған мәселелер бойынша жұмыстарды атқару үшін салалық кәсіподақ филиалдары төрағаларына және аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлеріне тиісті нақты тапсырмалар берді.