Шығыс Қазақстан облысы жергілікті кәсіподақ ұйымының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Иван Соколов Риддер колледжінің директоры Сұңқар Асқаровтың шақыруымен ұжыммен кездесті.
Кездесудің мақсаты – кәсіподақ ұйымы жоқ ұжымды 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің шарттарымен таныстыру.
Кездесу барысында өзекті сұрақтарға жауаптар берілді. Атап айтқанда, медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, магистр дәрежесі бар колледж оқытушыларына қосымша ақы төлеу, дене шынықтыру оқытушыларына шеберлігі үшін қосымша ақы төлеу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, еңбек ұжымына кәсіподақтың маңыздылығы, соның ішінде, ең алдымен еңбек қатынастарын реттеу, кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қорғау және құқықтық қолдау жөніндегі жұмыс барысы түсіндірілді.