Шахтинск қалалық кәсіподақ комитеті атынан Талшын Оспанова әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның жұмыс тобының отырысына қатысты.
Күн тәртібінде ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасын сақтау, қызметкерлердің жарақаттануы мен кәсіптік ауруларының алдын алу мақсатында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бөлінген қаражат мәселелері қаралды.