«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Түркістан облыстық филиалының Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өтті.
Мәжілісте Атқару комитетінің мүшелері «Қызмет» салалық кәсіподағы Түркістан облыстық филиалының өткен 2022 жылдағы атқарылған жұмысын қорытындылап, 2023 жылда атқарылатын негізгі жұмыс жоспарына қоса, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының 2023 жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына байланысты өткізілетін іс-шаралар жоспарын бекітті.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағы Түркістан облыстық филиалының Әлеуметтік әріптестік жылы аясында атқарылған жұмыстардың есебін облыстық филиалдың төрайымы Күлдар Есебаева баяндады.
Оның айтуынша, жыл қорытындысы бойынша облыстық филиалда жыл басында 395 бастауыш ұйым 11295 кәсіподақ мүшесі болса, есепті кезеңде 8 бастауыш ұйымға толығып, өз кезегінде 424 кәсіподақ мүшесіне көбейген.
“Атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, өткен жылы қол жеткізген табыстардың барлығы бірлесіп-ынтымақпен атқарылған жұмыстарымыздың нәтижесі. Еңбеккерлердің еңбегі мен еркіндігін сенімді қорғау біздің басты міндетіміз. Алдағы уақытта Сіздерге еңбек адамдарының мүдделерін қорғаудағы жұмыстарыңызға табыс тілеймін”, – деп өз сөзін қорытындылап, қатысушыларға өз алғысын білдірді кәсіподақ төрағасы.
Жиын соңында Атқару комитетінің мүшелері пікір алмасып, сұрақ жауаппен аяқтады.