Қарағанды облыстық білім басқармасында облыстың білім саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.
Облыстық кәсіподақ комитетінен өңірлік комиссияның отырысына Қазыбек би аудандық комитетінің төрайымы М.Кашенова, бас маман А.Жакулова, құқықтық инспектор Т.Миллер, облыстық білім басқармасынан басшының орынбасары А.Бөлкенбаев, мектепке дейінгі тәрбие мен жалпы білім беру бөлімінің басшысы Г.Нұрсұлтан, педагогикалық қызметті дамыту бөлімінің бас маманы Ж.Жумагельдина, тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту, арнаулы қосымша білім беру бөлімінің басшысы А.Мукашева қатысты.
Марал Кашенова комиссия мүшелерін кәсіподақ мүшелерінің кепілдіктері мен құқықтарын қорғау және әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша облыстық кәсіподақ ұйымының атқарған жұмыстарымен таныстырды.
Татьяна Миллер білім беру орындарындағы келісім комиссиясының жағдайы және келісім комиссиясы мүшелерін құқық негіздеріне оқытудың қажеттілігі туралы ақпарат берді.
Комиссия мүшелері әлеуметтік әріптестікті дамытудың кәсіподақ мүшелерін қорғау және қолдау, қызметкерлердің еңбек құқығын қамтамасыз ету және қауіпсіз еңбек жағдайының тиімді жолдары туралы талқылады.
Отырыс конструктивті түрде өз деңгейінде өтті. Еңбек адамын қорғауға бағытталған әлеуметтік әріптестікті жетілдіру жұмыстары жалғасуда.