Жұмыс орнында зорлық-зомбылыққа қарсы тұру – өзекті мәселе

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары – ҚРКФ еңбеккер әйелдер ісі жөніндегі комиссиясының төрайымы Гүлнара Жұмагелдиева Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін және гендерлік теңдікті дамыту Коалициясы ұйымдастырған Әйелдер кәсіпкерлігінің ұлттық күн тәртібін талқылауға арналған жұмыс отырысына қатысты.

Жұмыс кездесуінің модераторы, Коалиция төрайымы Меруерт Қазбекова жұмыс орнындағы гендерлік зорлық-зомбылық тақырыбының өзектілігін және тиімді заңнамалық тетіктерді әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.

Жиынға қатысушылар алдында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко сөз сөйледі.

«Біз жұмыс орнындағы зорлық-зомбылық пен қудалауды шешудің қиындықтары туралы көп айттық. Мәселе өте маңызды және ұлттық заңнама деңгейінде нақты ұстанымдарды әзірлеуді және көтеруді талап етеді. Біз дәйекті түрде алға қойылған міндеттерден нақты ұсыныстар мен ұсынымдарға көшудеміз. Біз бұл мәселені көрсетудің нақты ұстанымдары мен жолдарын әзірлеуіміз керек», – деп атап өтті спикер.

Қатысушыларға арнаған сөзінде ҚРКФ төрағасының орынбасары Гүлнара Жұмагелдиева Кәсіподақтар федерациясы еңбек саласында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша бастамаларды қолдайтынын атап өтті.

«Бірнеше жылдан бері Кәсіподақтар федерациясы ХЕҰ-ның «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қудалауды жою туралы» №190 конвенциясын ратификациялау мәселесін көтеріп келеді. Өткен жылы Федерация Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесіп зерттеу жүргізіп, нәтижесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар берілді. Біз Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін және гендерлік теңдікті дамыту Коалициясының бастамаларын қолдаймыз және оларды одан әрі жүзеге асыруға көмектесуге дайынбыз», – деді Гүлнара Жұмагелдиева.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті директорының орынбасары Қымбат Әлиакбарқызы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыс орнында зорлық-зомбылық пен жыныстық қудалау мәселелері бойынша бастамаларымен таныстырды.

Әйелдер кәсіпкерлігін және гендерлік теңдікті дамыту Коалициясының мүшелері еңбек, қылмыстық, әкімшілік, қылмыстық-процессуалдық заңнамаларға Коалиция әзірлеген жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты нормалармен толықтырулар енгізу жобасын талқылауға ұсынды.

Коалиция еңбек шарттарына ерікті негізде еңбек ұжымдарында жыныстық зорлық-зомбылықпен күресу туралы бап енгізу туралы өз ұсыныстарын ұсынды.

Қатысушылар ұсынылған ұсыныстарды және оларды қолданыстағы бастамалармен үйлестіру бойынша одан әрі қадамдарды егжей-тегжейлі талқылады.

Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы жұмыс кездесулері аясында жүзеге асырылып жатқан бастамаларды сындарлы талқылауды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

 

 

ҚРКФ медиаорталығы