Ақтөбелік кәсіподақтар бір күндік жалақысын аударды

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлдестігінің төрағасы мен мамандары Түркиядағы зілзаладан зардап шеккендерге бір күндік жалақыларын аударды.


«Бауырлас елде болған трагедия қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Мемлекеттеріміздің өзара ынтымақтастығының қай кезінде болсын түрік халқы еліміз үшін қиын күндерде достық көмек қолын созуға әрқашан дайын болды. Біздер кәсіподақ өкілдері түрік халқына қолдау көрсетуге дайынбыз», – деп атап өтті Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы А. Әмірғалиев.