Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің республикалық салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева және Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Назгуль Касенова «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ШҚО бойынша кəсіби даму институтының ұжымымен кездесіп, кәсіподақтың атқаратын қызметі жайлы ақпарат берді. Филиал қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала алды.
Кездесу барысында филиал қызметкерлері Т.Бексолтанова, М.Батырқанова, А.Страшенко, Д.Құсайын, С.Хасенов, А.Бажакова облыстық кәсіподақ грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.
Шығыс Қазақстан облысы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы тарапынан ШҚО бойынша «Өрлеу» ұжымына 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді.
Соңында қонақтар «Ұстаздар үйінің» тақырыптық кабинеттерін, видео-студия, ақпараттық-әдістемелік орталықты аралап көріп, жұмыстарымен танысты, филиал қабырғасында жарық көретін мерзімді басылымдар туралы ақпараттар берілді.