ШҚО кәсіподақ төрағасының еңбек ұжымдарымен кездесулері жалғасуда

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ ШҚО филиалының төрағасы Түсіпхан Түсіпбеков «Еңбек қатынастары жайлы сұхбаттасу» акциясын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдениет мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі» КММ ұжымымен кездесу өткізді.


Кездесуде еңбек қатынастары жөніндегі үшжақты келісімде көзделген мәселелердің әрқайсысына жеке-жеке талдау жасалды. Келісімдегі бұрын-соңды болмаған біліктілігі жоқ қарапайым жұмыскерлерге еңбек демалысына шыққанда бір айлық еңбекақыны сауықтыруға төлеу шарттары, мұндай шара басқа аймақтарда қарастырылмағанын баса айтып берді.

Экологиялық төлемдер, ауылдық 25% үстемеақы, басқа да жеңілдіктерді іске асыру кәсіподаққа қандай күшпен келетіні мәлімделді. Сондықтан әр еңбек ұжымында кәсіподаққа топтасу арқылы жетістікке қалай жету керектігін тілге тиек етті.

Кездесуде көптеген көкейкесті сұрақтар қойылып, толыққанды жауап берілді. Еліміздегі саяси ахуал, мәжіліс және жергілікті маслихаттар депутаттарының сайлау барысы қозғалды.