«АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Жақтау» металлургтер кәсіподағының есептік-сайлау конференциясы өтті.
Конференция делегаттары металлургтер кәсіподағының төрағасы мен тексеру комиссиясының есепті баяндамаларын тыңдады. Спикерлер өз баяндамаларында кәсіподақ комитетінің 2018-2023 жылдардағы есепті кезеңдегі жұмысының оң нәтижелерін атап өтті. Нәтижесінде конференцияның барлық 163 делегаты бірауыздан төраға Виктор Щетининді қайта сайлады. Конференцияда «ҚАЗМЕТАЛЛКӘСІП» Салалық тау-кен металлургия кәсіподағының төрағасы Асылбек Нұралин, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Владимир Яблонский, Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Болат Жұмабеков сөз сөйледі.
«Жақтау» металлургтер кәсіподағы – кәсіподақтың 14827 мүшесін және бұрын Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеген 7000-нан астам еңбек ардагерлерін біріктіретін 67 кәсіподақ комитеті мен цехтық ұйымдардан тұрады.
Айта кету керек, әлеуметтік әріптестік тараптары өкілдерінің өзара құрметке қол жеткізуін конференцияның барлық делегаттары мен қонақтары байқады, оның көрсеткіші есепті кәсіподақ іс-шарасына персонал бойынша, өндіріс, қауіпсіздік техникасы бойынша директорлардың қатысуы, сонымен қатар бас директордың қызметкерлер өкілдерінің көптеген ұсыныстары мен тілектеріне оң жауап беруі.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағы және Теміртау қаласының кәсіпкерлік қызметкерлерінің кәсіподағы Виктор Щетининге, кәсіподақ комитеті мен тексеру комиссиясының жаңартылған құрамына «Жақтау» Металлургтер кәсіподағы мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерінде оң табыс тіледі.