«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен Шымкент қаласы автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов «Шымкентдорстрой» ЖШС-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесіп, еңбек ұжымын толғандыратын мәселелерді саралап, кері байланыс орнатты.
Бүгінде мекемеде 175 қызметкер жұмыс жасайды, барлығы кәсіподақ мүшесі. Жиында Жарқынбек Айдарбекұлы жалақы мөлшері, еңбек жағдайлары туралы сұрады және толғандырған сұрақтарға жауап берді. Сұрақтардың басым бөлігі қызметкерлердің денсаулығын жақсарту, әлеуметтік кепілдіктер және жалақыға қатысты болды. Сондай-ақ, 2023 жыл – «Қауіпсіз еңбек жылы» еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек қатынастарын реттеу және кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету жөніндегі мәселелерін тілге тиек етті.
Кездесу сәтін пайдалана отырып, салалық кәсіподақ төрағасы Али Мамедов жиында жұмыскерлер үшін еңбек және әлеуметтік кепілдіктер туралы ережелерді белгілеу тұрғысынан өңірлік салалық келісімдер мен ұжымдық шарттарға мазмұнды талдау жүргізу бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісті. Мекемедегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспектордың құқықтары мен өкілеттіктері түсіндіріліп, аталған бағыттағы жұмыстар талданып, ұсыныстар мен ақпаратпен бөлісу пысықталды.
Кездесу барысында әлеуметтік-еңбек қатынастары аясында көптеген мәселелерге қатысты сұрақ қойылып, тұшымды жауаптар алынды.