Шығыс Қазақстан облысы жергілікті кәсіподақ ұйымының бастамасы бойынша ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесуге қатысқан түсіндіру жұмысы басқармасының бас мамандары Жанар Айтжанова мен Жазира Адамбаева жалпыға бірдей декларациялау және 250.00, 270.00 салық есептілік нысанын толтыру тәртібін әр қадам бойынша түсіндіріп, айтып берді.
Барлығы 100-ге жуық адам қатысып, декларацияны толтыру бойынша көптеген сұрақтарға жауаптарын алды.