Дәстүрлі жарыс жалғасын тапты

“Екібастұз 1-МАЭС” еңбек ұжымы дәстүр бойынша қысқы кезеңде станция қызметкерлері арасында балық аулау бойынша қысқы спорттық жарыстар өткізеді.

Бұл дәстүр биылғы жылы да жалғасын тауып, 18 ақпанда қалалық су қоймасында өтті. Барлығы 27 адам қатысты.

Ауа райына сай құрал-сайманмен жабдықталған балықшылар таңғы сағат 9.00-де бастады. Іс-шара сағат 13.00-ге дейін созылды, оның соңында станция басшылығы мен кәсіподақ комитеті атынан тәуелсіз қазылар алқасы қорытынды жасады.

«Бірінші аулау» номинациясы бойынша өз жүлдесін Азамат Молдаханов (РТО цехы), «Ең кішкентай балық» –  Серік Асқаров (РООК), «Ең үлкен аулау» және «Ең үлкен балық» – Иван Губарев (Химиялық цех) алды.

Сондай-ақ, «Жеңіске деген ерік» номинациясының жеңімпаздары анықталды, аулауы барынша үлкен болған балықшылар – Белявцев Антон, Шестопалов Яков, Тейвонин Анатолий, Ахметов Жанғазы. Жеңімпаздар грамоталармен және ақшалай сертификаттармен, ал жарыстың барлық қатысушылары ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.