Ақтөбе облысы Хромтау ауданында жас ұстаздардың әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық қабілетін арттыру, инновациялық белсенділіктерін дамыту, кәсіби шеберліктерін жетілдіру мақсатында 3 жылға дейін педагогикалық еңбек өтілі бар жас мамандар арасында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті. Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы демеушілік жасап, қолдау көрсетті.
Байқауға аудандағы білім беру ұйымдарының 8 мұғалімі қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені №4 Хромтау орта мектебінің физика пәні мұғалімі Ербол Тнымбай, жүлделі I орынды №6 Хромтау гимназиясының тарих пәні мұғалімі Асхат Жұмағали, жүлделі II орынды №2 Хромтау гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айша Сапаргалиева, жүлделі II орынды Қопа орта мектебінің география пәні мұғалімі Нұргүл Бөкенова, жүлделі III орынды №1 Хромтау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шаттық Абдиева иеленді.
Жеңімпаздар Хромтау ауданының білім бөлімі және аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бірлескен дипломымен марапатталды. Кәсіподақ тарапынан барлық жас мамандарға қаржылай қолдау көрсетілді.