Сатыбалды Дәулеталин: «Еңбеккердің мүддесі тыңдалып қана қоймай, жүзеге асуы тиіс»

Жұма, 24 ақпан күні Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин еліміздің сайланбалы органдарына кәсіподақ кандидаттарымен кездесу өткізді. Бейнеконференцбайланыс арқылы еліміздің барлық өңірлерінен кандидаттармен кездесу өтті.

Әріптестеріне сөйлеген сөзінде ҚРКФ төрағасы Әлеуметтік мемлекетке 15 қадамды қамтитын «Кәсіподақтар – әділеттілік үшін!» сайлауалды тұғырнамасының негізгі басымдықтарын еске салды.

«Кәсіподақтар еңбеккерлердің өкілдері ретінде елдегі маңызды саяси оқиғалардан шет қала алмайды. Бас кеңесте Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына өз кандидаттарымызды ұсыну туралы бірыңғай шешім қабылдадық. Қазақстандық еңбеккердің мүддесі тыңдалып қана қоймай, жүзеге асуы тиіс. Кәсіподақтар өз сөзін айтуы керек, әйтпесе меншік иелерінің қазақстандық еңбекшілерді пайдалануы әрі қарай да жалғаса береді. Өз тұғырнамасында кәсіподақтар, ең алдымен, еңбекшілердің мүдделерімен байланысты негізгі құндылықтарды көрсетті», – деп атап өтті ҚРКФ төрағасы.

Алдағы сайлауға Кәсіподақтар федерациясынан еліміздің әртүрлі салалары мен өңірлерінен барлығы 478 кандидат, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 13 кандидат қатысуда. Республикалық деңгейде және барлық аймақтарда сайлауалды штабтар құрылып, үгіт-насихат жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Федерация басшысының айтуынша, кәсіподақ тұғырнамасының көптеген тармақтары «Аманат» партиясының сайлауалды тұғырнамасына енгізілген және Қазақстан халық партиясының бағдарламаларымен үндес.

Кәсіподақтардың сайлауалды тұғырнамасында негізгі қағида – барлық жерде және әрбір еңбек адамына әділеттілік айқын көрсетілген.

«Мемлекет пен бизнес жұмыскерді азамат және адал еңбекші ретінде құрметтеуге міндетті. Еңбек адамы ғана – қоғам әл-ауқатының бірден-бір көзі», – дейді Сатыбалды Дәулеталин.

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы барлық кәсіподақ кандидаттарын әділ экономиканы, әділ еңбек қатынастарын, лайықты еңбек пен лайықты жалақыны қамтамасыз ету арқылы Әділетті Қазақстанды құрудың мақсаттары мен құндылықтарын белсенді түрде түсіндіруге шақырды.

Біріншіден, Кәсіподақтар федерациясы ең төменгі жалақыны халықаралық стандарттарға сай, кем дегенде екі есеге арттыруды қолдайды.

 

«Ең төменгі жалақы мөлшерінде еңбекақы алатын жұмыскерлер үшін бұрынғыдай жеке табыс салығы жойылады, содан кейін бұл шегерім бюджетті олигархтардың үстеме пайдасынан емес, еңбек табысы есебінен «толтыру» үшін ең төменгі есептік көрсеткіштен тіркелген мөлшерлемемен жабылды.

Біз Халықаралық еңбек ұйымының «Дамушы елдерді ерекше ескеру арқылы ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» №131 конвенциясын ратификациялауға қол жеткіземіз», – деп атап өтті ҚРКФ төрағасы.

Кәсiподақтар табысы төмен еңбеккерлердiң санын қысқарту мақсатында жоғары ақы төленетiн және аз жалақы алатын қызметкерлердiң жалақысы арасындағы алшақтықты 10 еседен аспайтын мөлшерде шектеу туралы заң шығаруды көздеп отыр.

Платформаның жеке тармағында аз жалақы алатын жұмыскерлер үшін еңбекақыны инфляция деңгейінен төмен емес жыл сайынғы индексациялауды қамтамасыз ететін заңнамалық тетік құру қарастырылған.

Федерацияның ең маңызды бағыттарының бірі жұмыс берушіні қызметкерге сегіз сағаттық жұмыс күні үшін, артық жұмысты, үстеме жұмысты және лауазымдарды біріктіруді қоспағанда, адал жалақы төлеуге міндеттеу болып табылады.

Сондай-ақ, жалақыны төлеу мерзімі 15 күннен артық кешіктірілген жағдайда қызметкерлердің өз жұмысын тоқтату құқығын белгілеу қажеттігі айтылды.

«Жалақы бойынша берешек ең алдымен жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленетін болады, ал жалақы берешегі бойынша жауапкершілік кәсіпорын иесінің (құрылтайшының) барлық мүлкіне бағытталатын болады», – деді Сатыбалды Дәулеталин.

Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымдарына кәсіпорынды басқарудың нақты тетіктеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету және жұмыс берушінің коммерциялық құпияны қорғау туралы заңнамаға сілтеме жасай отырып, жалақы мөлшерін жасырмауын қамтамасыз ету жоспарлануда.

Тұғырнамада еңбек нарығындағы жосықсыз бәсекенің көзі – көлеңкелі еңбек қатынастарын болдырмайтын еңбек нарығына қоғамдық және мемлекеттік бақылауды күшейту жөнінде шаралар қарастырылған.

Әділдік жолындағы маңызды қадамдардың бірі – акционерлерге дивидендтер төлеу – еңбеккерлердің жалақысы көтерілгеннен кейін ғана.

«Кәсіпорын иесінің алған пайдасы жұмыскерлердің еңбегінің нәтижесі болып табылады. Өндірісті адамдар – қарапайым жұмыскерлер қамтамасыз етеді. Ал кәсіпорын пайда тапқан кезде, Еңбек адамының жалақысын көтеру туралы шешім әділ болады, сонда ғана меншік иесі дивидендтерге сүйене алады», – деп есептейді Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.

Еңбекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесін құру мақсатында кәсіподақтар бюджеттік сала қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінде негізгі лауазымдық жалақыдан ең төменгі жалақы мөлшеріне көшу міндетін қойды.

Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін еңбеккерлердің зейнеткерлік жасын төмендету және зейнетақыны инфляция деңгейінен төмен емес мөлшерде жыл сайынғы индекстеуді қамтамасыз ету де өзекті мәселе болып табылады.

Жастардың мүддесі де назардан тыс қалмады. Кәсіподақ тұғырнамасында шәкіртақыны күнкөріс деңгейінен төмен белгілемеу және оқуда жақсы және үздік нәтиже көрсеткен барлық студенттерге төленуін қамтамасыз ету қарастырылған.

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы әлеуметтік әріптестік жүйесін жетілдіру шараларын жариялады.

««Әлеуметтік әріптестік туралы» заңды қабылдаймыз, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын әзірлеуге және жүзеге асыруға әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптарының қатысуының маңызы  мен құндылықтарын жаңғыртамыз. Елді дамытудың әлеуметтік-экономикалық бағытын әзірлеуде және еңбек қатынастарын реттеуде әлеуметтік әріптестік жөніндегі республикалық, салалық және аймақтық үшжақты комиссиялардың рөлін күшейтетін боламыз. Барлық деңгейдегі үшжақты комиссиялардың шешімдері жүзеге асыру үшін міндетті болады»,- деп атап өтті Сатыбалды Дәулеталин.

Сонымен қатар, Кәсіподақтар федерациясы ескі технологияларды, машиналар мен жабдықтарды ауыстыру арқылы өндіріс қуатын жаңғырту және қайта жарақтандыру жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын қабылдауға және лайықты еңбек жағдайлары бар сапалы жұмыс орындарын құруға қол жеткізуге ниеттіміз.

Кәсіподақ қауымдастығы шешуге тиіс тағы бір маңызды міндет – кәсіподақтардың ғана еңбеккерлердің жалғыз заңды өкілдері болып табылатынын заңмен бекіту.

Сатыбалды Дәулеталин атап өткендей, барлық белгіленген қадамдарды жүзеге асыру еңбеккерлердің табысын сапалы түрде арттырады, әлеуметтік шиеленісті төмендетеді, қазақстандық кәсіпорындардың дамуына мүмкіндік береді.

«Еңбек адамы лайықты жұмыс орны мен лайықты жалақы алады. Бұған қол жеткізу үшін кәсіподақ өкілдері сайлауға барады. Біздің қатарымызда еңбек ұжымдары білетіндер, өздерін еңбек әлемінің қорғаушысы ретінде танытқандар бар», – деді ол.

Сонымен қатар, Сатыбалды Дәулеталин тұғырнама бос уәдеге айналмай, нақты іс-әрекетке бағдар болуы керектігін еске салды.

ҚРКФ төрағасы сайлауалды штаб мүшелеріне сайлау заңнамасының сақталуын қатаң қадағалап, кәсіподақ кандидаттарына жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

Жиынға қатысушылар өз кезегінде Кәсіподақтар федерациясының басшылығына қарапайым еңбеккерлердің сұранысы мен талап-тілектеріне жауап беретін бағдарлама үшін алғыстарын білдірді.

 

 

ҚРКФ медиаорталығы