«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің II съезі өтті. Съезд жұмысына Қарағанды облысынан төраға Ноян Бидайбаев бастаған 19 делегат қатысты.
Съездің күн тәртібінде «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ жұмысы мен Бақылау-тексеру комиссиясы қызметінің қорытындылары бойынша есебі, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ төрағасын сайлау мәселелері талқыланды.
Съездің ашылу салтанатында кәсіподақ көшбасшылары «SENIM» салалық кәсіподағының арнайы төсбелгісімен марапатталды. Съезд делегаттары күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша спикерлерді тыңдап, төраға Сапарбек Дүйсеновті бірауыздан қайта сайлады.
Өз кезегінде жаңадан сайланған төраға 2023-2028 жылдарға арналған «SENIM» кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің II съезінің Қарары қабылданды, ол барлық уәкілетті органдар мен мүдделі тұлғаларға жіберілетін болады.