Үшжақты комиссия еңбек қатынастарын реттеу жолдарын қарастырды

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Облыстық келісімнің 59-тармағын жүзеге асырудың бекітілген жоспары аясында Қарағанды облысының Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің басшысы Кеңгірбай Есенеев, Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті басшысының м.а. Дархан Исжанов, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ техникалық директоры Константин Цимбал, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС тау-кен байыту кешенінің бас инженері Дидар Нұрекин мен «Қазақмыс Смелтинг» ЖШС Бас директоры Жәнібек Байғабелов тиісті ақпараттармен бөлісті.

Аталған мәселелерді талқылауға Қарағанды облысы Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Ирина Любарская, Республикалық тау-кен өндіру және тау–кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы атқарушы директорының бірінші орынбасары Төлеген Мұханов, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясысының Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Болат Жұмабеков және «Қарағанды облысының еркін кәсіподақтар достастығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Сергей Белкин қатысты.

Сонымен қатар, үшжақты комиссияның жұмысына «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Жақтау металлургтер кәсіподағының төрағасы» Виктор Щетинин және «Қорғау» көмір өндірушілері кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев қатысты.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің шешімімен 2023 жыл «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жарияланды.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау мәселелерінде негізгі рөл әлеуметтік әріптестік тараптарына және қоғамдық бақылауға – Қарағанды өңірінің кәсіпорындары мен ұйымдарының өндірістік кеңестеріне тиесілі.

Комиссия отырысында еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық техникалық инспекторлардың мәртебесін көтеру және Қарағанды облысы Еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторларының штат санын көбейту мәселелерін шешу жолдары қарастырылды.