1 наурыз – көктемнің бірінші күні қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтеді. Бұл күні олар аға буынға, туыстарына, жақындарына, достарына, әріптестеріне және көмектесіп, қолдау көрсететіндердің барлығына алғыс білдіреді.
Осы айтулы күні “Senim” Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Маңғыстау облыстық филиалы және Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, облыстың ірі медициналық ұйымдарына, Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына және облыстық көпсалалы балалар ауруханасына барып, медицина қызметкерлеріне алғыс ретінде гүл шоқтары мен тәтті сыйлықтар табыс етті.
Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибизада Дүйсенбаева, “SENIM” кәсіподағының МОФ төрағасы Қайратжан Бейсенов, Денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік-кадрлық қамтамасыз ету басшысы А.Телегенова әріптестерін мерекемен құттықтап, еңбектері үшін, жұмысқа жауапты көзқарастары үшін алғыс білдірді.