Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен мектеп қызметкерлері арасында достық қарым-қатынас пен салауатты өмір салтын қалыптастыру, ойынға деген қызығушылықтарын кеңінен насихаттау мақсатында Қарқаралы ауданының Қарабұлақ ауылының №33 ЖББ мектебі ұжымы арасында волейбол ойынынан спорттық жарыс өтті.
Жалпы мектеп ұжымы 5 топқа бөлініп, сайысқа түсті. Әр команда өз атауларымен және топтың түстеріне қарай формаларымен жарысқа сақадай сай болып дайындалып келген. Атап айтсақ, Гуманитарлық пәндер бірлестігі “Жалын” тобы (топ жетекшісі Смыкова Т.Н.), Жаратылыстану-политехникалық бірлестігі “Қыран” тобы (жетекшісі Шокенова Н.Қ ), Бастауыш сыныптар бірлестігі “Виктория” тобы (жетекшісі Аскербай Айжан), Мектепке дейінгі оқыту, тәрбие беру бірлестігі “Балбөбек” тобы (жетекшісі Аскербай Жібек), Мектеп қызметкерлері “Бірлік” тобы (жетекшісі Клименко С.Н).
Жарысқа АӘД пәнінің мұғалімі Б.Тыштыков пен ауыл әкімі аппаратының спорт секторының маманы Амангелді Бауыржан төрешілік жасады. Жарыс тартысты және өте қызықты өтті. Сайысқа қатысушылар өздерінің жауапкершіліктері мен дайындықтарын көрсетсе, жанкүйерлер спортқа деген қызығушылықтары жоғары екенін сайыс барысында дәлелдеді.
Жарыс нәтижесінде 1-орынды “Қыран” тобы, 2-орынды “Бірлік” тобы, 3-орынды “Жалын” тобы, 4-орынды “Виктория” тобы, 5-орынды “Балбөбек” тобы иеленді. Жарыстың қорытындысы бойынша жарысқа қатысушы жеңімпаздарға кәсіподақ ұйымының грамоталары мен ақшалай сертификаттар табысталды.