Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Бахтияр Қараулов 2023 жыл – Қауіпсіз еңбек жылы аясында өңірдегі «ТаразКожОбув» ЖШС жұмысшылармен кездесу өткізді.
«ТаразКожОбув» ЖШС – былғары аяқ киім шығаратын ірі кәсіпорын. Қазіргі уақытта осындай кең өндіріс желісі бар Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын 250-ден аса адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Кездесуде Бахтияр Сайлаубекұлы кәсіпорын жұмысшыларына биылғы жылды ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Қауіпсіз еңбек жылы деп жариялап, осы бағытта кәсіподақ ұйымдары атқарып жатқан жұмыстарды жан-жақты айтып берді. Сонымен қатар ҚР Кәсіподақтар Федерациясы тарапынан еліміздің кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен техникалық еңбек инспекторлардың мәртебесі мен өкілеттіктерін арттыру бағытында атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы – Мұхтар Қарабайұлы фабрикада өндірістік қеңестің жүмысын жандандыру және техникалық инспекторлардың санын арттыру, олардың жұмыстарын күшейту үшін заң талаптарына қатысты бірқатар сұрақтар қойып, нақты жауабын алды.
Осы кездесудің қорытындысы бойынша фабрикада әсіресе өндірістік қеңестің және техникалық инспекторлардың жұмысы нақты қолға алынып, жүйелі жолға қойылатын болды.