Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығы мен Салалық, жергілікті кәсіподақтардың Ақтөбе филиалдары ұйымы нәзік жандыларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.
Мерекелік шарада Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Әмірғалиев “Ана қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Біздің еліміздегі бейбіт тірлік пен ауызбірліктің, ізгілік пен мейірімділіктің, жарқын болашаққа деген сенімнің ұйытқысы да өздеріңіз. Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған асыл аналарға көктемнің шуақты мерекесінде бар жақсылықты тілейміз.Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін”, – деп ізгі лебізін білдірді.