Кәсіподақтар бірегей өндіріс орынындағы әйелдер қауымын құттықтады

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында әскери броне-кеудешелер мен арнайы киімдер тігіп, әскери бас киімдер дайындайтын бірегей өндіріс орны бар. Өндіріс орнындағы жұмыскерлердің басым бөлігі – әйелдер.

Көктем мерекесімен «Өркен Әлем» серіктестігінің әйелдер қауымын құттықтауға “Yntymaq” салалық кәсіподағының облыстық филиалы төрағасы Марат Бәйімбетов, облыстық кәсіподақтардың еңбеккер әйелдер комиссиясы төрайымы Майра Боранбаева барды.

«Шұғылалы мерекемен баршаңызды құттықтаймыз. Кәсіпорынның еліміздегі, аймақтағы өндірістің дамуына қосып келе жатқан үлесі зор. Ерекше өндіріс орынында еңбек етесіздер, өнімдеріңіз тек бейбіт елдің ерлерін шыңдауға ғана қызмет жасасын. Еңбектеріңіз жана берсін, отбасыларыңызға амандық, денсаулық тілейміз», – делінген аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің құттықтауы кәсіпорынның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Аманкүл Жұмаділдаеваға табыс етілді.