Кәсіподақ мүшелері құрметке бөленді

Шымшаһарда Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің қызметкерлерін салалық кәсіподақ төрайымы Лариса Тургинбаева көпжылдық еңбегі үшін кәсіподақ мүшелерін марапаттады.

Университет қабырғасында жүріп, көпжылғы қызметі үшін Лариса Владимировна бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелеріне, оның ішінде техникалық қызметкерлеріне П. Кедровқа және Г. Каражаеваға шипажайға жолдама табыстап, Информатика кафедрасының аға оқытушысы Э. Адылбековны Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының “Сіңірген еңбегі үшін” төс белгісімен және Ағылшын тілі кафедрасының аға оқытушысы Т. Ибрагимованы Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының “Құрмет грамотасымен” марапаттады.