Кәсіподақ бастауыш ұйым мүшелерін құттықтады

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде Қарғалы ауданындағы педагог арулардың да құшағы гүлге толып, құрметтен кенде қалмады.

Мерекеге орай өткізілген салтанатты жиында мұғалімдер мен сала ардагерлерін аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Дүйсенова мен кәсіподақ ұйымының төрағасы Г.Байменшина құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Ұлағатты ұстаздарға алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

Қобда аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен «Әлемді жүрегімен әлдилеген…» атты мерекелік шара өтті. Салтанатты жиында білім бөлімінің басшысы Н.Айжарықов пен білім кәсіподағының төрағасы Қ.Ибраев ұлағатты ұстаздарды білім саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі кәсіби еңбегі үшін Алғыс хатпен марапаттап, сый-құрмет көрсетті.