Қоғамға қызметпен ерекшеленген сала жанашырлары марапатталды

Көктем мерекесіне орай Қызылорда өңірінде «Ана – адамзаттың ардақтысы» атты мерекелік жиын өтті.

Басқосуға аймақтың саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуына үлес қосып жүрген, азаматтық қоғамның белсенді әйел-аналары жиналды.

Жиында Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов мереке иелерін құттықтап, құрмет-ықыласын білдірді. Азаматтық қоғамда белсенділік танытып, сала жанашыры болып жүрген әйелдер, ардагер –аналар да өз кезегінде мерекелік лебіздерін жеткізіп, ризашылықтарын айтты. Шуақты мерекеге орай ұйымдастырылған жиын барысында құрмет пен марапат төріне шыққан нәзік жандылар қатарында облыстық кәсіподақтардың әйелдер комиссиясы төрайымы Майра Боранбаева облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.