Кәсіподақ өкілдері «Еңбек шартын жасаңыздар!» ақпараттық-түсіндіру акциясын өткізді

Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығында» «Павлодар қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ-мен бірлесіп қала кәсіпорындарының қатысуымен азаматтардың барлық санаттары үшін «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді.


Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының заң клиникасының филиалы Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан бейресми жұмыспен қамтуды болдырмау және әлеуетті қызметкерлермен еңбек қатынастарын заңдастыру мақсатында азаматтарды көшпелі қабылдау форматында «Еңбек шартын жасаңыздар!» ақпараттық-түсіндіру акциясы өткізілді.

Бос орындар жәрмеңкесіне қатысушылар еңбек заңнамасы мәселелері бойынша консультациялар алды, еңбек шартын жасасу қажеттілігі туралы, оның мазмұны бойынша, оны ресімдеу және сақтау тәртібі туралы, қызметкер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері туралы, жалақы төлеу бойынша, демалыс беру туралы, ұжымдық шартқа әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер алу туралы түсіндірме алды.

Бос орындар жәрмеңкесіне қатысушыларға ақпарат алу ыңғайлылығы үшін Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қоғамдық қабылдау бөлмесінің байланыс телефондары және кәсіподақ мүшелері үшін өтеусіз құқықтық және татуластыру қызметтерінің спектрін алу мүмкіндігі туралы Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығы» татуластыру орталығының парақшалары көрсетілген еңбек шартын жасасу тәртібі туралы ақпараттық флаерлар табыс етілді.