Дәстүр бойынша Наурыз мейрамы қарсаңында Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының Чкалов су қоймасында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Кубогына еңбек ұжымдары арасында мұз астынан балық аулау бойынша жыл сайынғы жарыс өтті.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған 2023 жыл – Қауіпсіз еңбек жылы аясында Қарағанды облысының салалық және жергілікті кәсіподақтардың аумақтық құрылымдары кәсіподағының бастауыш ұйымдары еңбекшілер арасында салауатты өмір салтын және белсенді демалысты насихаттау мақсатында аталған жарысты ұйымдастырды.
Жарысқа өңірдің әртүрлі кәсіпорындары мен ұйымдарының 25 еңбек ұжымы жіберілді, барлығы 70-тен астам балықшы балық аулауға қатысты, олардың көпшілігі кәсіби емес әуесқой балықшылар.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында жарыс басталғанға дейін барлық қатысушылар мұздағы жүріс-тұрыс және санитарлық нормалар мен талаптарды сақтау бойынша нұсқаулықтан өтті, әрбір учаскеде қатысушылар мен жанкүйерлерді жарыстың бас төрешісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I шақырылым депутаты Валерий Громовтың басшылығымен төрешілер мұқият қадағалады.
Жарысқа қатысушылар мен жеңімпаздарды, сондай-ақ жанкүйерлер тобын Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Болат Жұмабеков, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы төрайымы Алмагүл Ракишева, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сұлтан Медеубаев, «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрайымы Татьяна Шатохина, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Нұрлан Әубәкіров пен Александр Гиберт құттықтады.
Марапаттау рәсімін аша отырып, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақ Ардагері» медалімен көп жылғы адал еңбегі үшін «КАЗПРОФТРАНС» теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының бас сарапшысы Галина Прохорец марапатталды.
Жарыс қорытындысы бойынша еңбек ұжымдары арасында командалық есепте I орынды «ҚАЗПРОФТРАНС» Салалық кәсіподағының облыстық филиалының құрамына кіретін «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Қарағанды филиалы – «Қарағанды пайдалану локомотив депосы» БП Қарағанды бөлімшесі иеленді, оларға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Кубогы, бірінші дәрежелі медальдар мен мадақтамалар, сыйлықтар табысталды;
II орынды Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымының «№ 2 Лицей» КММ ұжымы иеленді және топқа Кубок, екінші дәрежелі медальдар мен мадақтамалар, сыйлықтар табысталды.
III орынды «Қорғау» көмір кәсіподағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасының ұжымы иеленді және топқа Кубок, үшінші дәрежелі медальдар мен мадақтамалар, жүлделер табысталды.
Жеке есепте I орынды – Сергей Шляхова – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Қарағанды филиалының – «Қарағанды пайдалану локомотив депосы» Қарағанды бөлімшесі электровоз машинисі, II орынды – Лариса Агапова – бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, «Облыстық қан орталығы» КМК трансфузиолог-дәрігері;
III орын – Олег Максимов – «ИМСТАЛЬКОН» Қарағанды металл конструкциялары зауыты» ЖШС слесарь-сантехнигі және Евгений Волына – «Central Asia Cement» АҚ қызметкері иеленді.
Арнайы жүлделер: Владимир Шулькин – «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС-нің электр газ дәнекерлеушісі «Бірінші ауланған балық» номинациясы бойынша және Владимир Семенов – «Қарағанды қаласының №4 емханасы» КМК жүргізушісі «Ең ірі балық» номинациясы бойынша; Ирина Новосельцева – «Лицей – № 2» КММ-нің химия мұғалімі «Мисс рыбачка» номинациясы бойынша; Дмитрий Ободянский мен Анна Шатохина «Жарыстың ең жас қатысушысы» номинациясында марапатталды.
Жарыстың барлық жүлдегерлері мен номинанттарына бағалы сыйлықтар табысталды.
Жарысқа: Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымының: «№5 ШЦДО» КММ, Бұқар жырау ауданының «Аяла» бөбекжайы» КМҚК, «Лицей № 2» КММ; «SENIM»Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының еңбек ұжымдары: «Стоматологиялық Бірлестік» ЖШС, «Облыстық қан орталығы» КМК, «Қарағанды қ. № 4 емханасы» КМК; «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалы; «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағы: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» және «Костенко атындағы» шахталары; «ҚАЗПРОФТРАНС» теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің Қазақстандық Салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалы; «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Қарағанды филиалы; Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалы; «ИМСТАЛЬКОН» Қарағанды металлоконструкциялар зауыты» ЖШС, «Карцемент» АҚ, «Central Asia Cement» АҚ; «YNTYMAQ» Қазақстандық Салалық кәсіпкерлік қызметкерлерінің кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалы; «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС; және кәсіподақ-спорт жарыстарын ұйымдастыруға және өткізуге практикалық көмек көрсеткен Қарағанды қаласы және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859 әскери бөлімі қоғамшыларының өкілдерінен әуесқой балықшылары белсенді қатысты.
Жарыс соңында ұйымдастырушылар тарапынан барлық балық аулау әуесқойларын керемет балық сорпасы және Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығының қызметкерлері дайындаған ыстық хош иісті бауырсақтармен және дәмді шай берілді.
Ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы және спорт шебері Валерий Леонидович Громовқа, қоғам және саяси қайраткер, елімізге белгілі журналист Владимир Рыжковқа, қарағандылық қоғам қайраткерлері – Владимир Барановский мен Валерий Петуховқа, Ерсин Абдулманафовқа, және де Нефедовтар Отбасына қолдау көрсеткені үшін, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Кубогына еңбек ұжымдары арасында мұз астынан балық аулау бойынша жыл сайынғы жарысқа ат салысқаны алғыс білдіреді.