Кезекті кездесуді «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов шахардағы ірі кәсіпорындардың бірі – «TAU – PRODUCT» ЖШС ұжымында өткізді.«TAU – PRODUCT» компаниясы бүгінде алкогольсіз сусындар, минералды сулар және басқа бөтелкедегі суларды өндірумен айналысады.
Кәсіпорын ұжымымен кездесу барысында қатысушыларға биыл «Қауіпсіз еңбек жылына» орай, еңбек адамының кауіпсіздігі басты назарда екені айтылып, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғаларды болдырмау және еңбек дауларын алдын-алу, еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын көтеру сынды түрлі ақпарат айтылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары жөнінде де әңгіме өрбіді.
Жиын соңында қатысушылар аталмыш шаралардың жиі болып тұруын айтып, алған мағлұматтарына алғыс білдірді.