Еңбек қауіпсіздігі – өнімді әрі сенімді жұмыс кепілі

Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Бахтияр Қараулов Жамбыл облысындағы “Қазфосфат” ЖШС-нің «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» жұмысшыларымен кездесті.


Бұл “Қазфосфат” ЖШС-гі кешенінің ең ірі филиалы, кәсіпорында әлемдік тәжірибеде алғаш рет сары фосфор өндірудің жаңа технологиясы енгізілген. Тараз қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан, жаплы көлемі 600 гектардан асатын химиялық алып кәсіпорын бүгінде 2500-ден аса адамды жұмыспен қамтып отыр.

Жұмыс орнында өткен кездесудің негізгі мақсаты – еңбек қауіпсіздігінің сақталуы мен өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселесі болды.

Үстіміздегі жылды Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, Бахтияр Сайлаубекұлы №5 цехтың жұмысшыларына Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, жұмыс беруші тарапынан қауіпсіз еңбек жағдайының жасалу туралы және ондағы кәсіподақтардың атқаратын рөлі туралы айтты.

Өткен 2022 жылы дәл осы “Қазфосфат” зауыттар желісінде өндірісітік жарақаттар, оның ішінде адам өліміне әкеп соққан топтық жазатайым оқиғалардың орын алғанболатын. Дәлірек айтатын болсақ өткен жылы 5 өндірістік жазатайым оқиға тіркеліп, онда 10 адам зардап шегіп, оның ішінде 6 адам қайтыс болған.

Осыған байланысты «ҚР Кәсіподақтар федерациясы әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып, Үкімет назарына Қазақстан Республикасында қауісіз еңбекті қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруды, сонымен қатар еңбекті қорғау жөніндегі техникалық еңбек инспекторлардың мәртебесі мен өкілеттіктерін арттыруды көздеп отыр», – деді Б.Қараулов.

Кездесу соңында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ерлан Молдабаев осы зауыттағы техникалық инспекторыларға оқу-семинар ұйымдастырып өткізу қажеттігін жеткізді.