Кәсіподақтар еңбек қатынастары мәселелерін талқылады

БҚО Кәсіподақтар үйінде салалық және жергілікті кәсіподақ өкілдерімен «2023 жыл – Қауіпсіз еңбек жылы» аясында өткізілетін іс-шаралар талқыланды. Жиынның модераторы, БҚО Кәсіподақтар орталығының төраға орынбасары Бауыржан Атауов кәсіподақ өкілдерін ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Қауіпсіз еңбек» жылына ұсынған жұмыс жоспарымен таныстырып, сала бойынша нақты тапсырмалар берді.


Шара соңында салалық және жергілікті кәсіподақ өкілдері өз жоспарларымен бөлісіп, ойларын ортаға салды.

Еске сала кетсек, ҚРКФ Бас кеңесі отырысында «2023 жылды – Қауіпсіз еңбек жылы» деп жарияланған болатын, соған орай, биылғы жылғы іс-шаралар барлық өңірлерде еңбекті қорғау жөніндегі басты қағидаттардың орындалуына атсалысу бағытында жүзеге асатын болады.