Қарағандыда Қазбек Нұржанов атындағы Жеңіл атлетика манежінде Социалистік еңбек батыры Яуда Мұсағалиевті және Қарағанды облысының барлық кенші батырларын еске алуға арналған жеңіл атлетикадан 46 рет дәстүрлі республикалық турнир өтті.
Жарысқа 2006-2007 ж.т. 200-ден астам жас жеңіл атлеттер қатысты, олардың ішінде Қырғызстан Республикасының, Қазақстан Республикасының көптеген өңірлерінің: Көкшетау, Петропавл, Қарағанды,Теміртау, Шахтинск және Абай қалаларының өкілдері болды.
80-ші жылдары Яуда Мұсағалиев №23 Қарағанды шахтасында, қазіргі «АрселорМиталл Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Түсіп Күзембаев атындағы шахтасында кен өндіру учаскесінің тау-кен қазу машиналарының машинисі болып жұмыс істеді және әрқашан жас кеншілер үшін үлгі болды, өзінің адал еңбегі үшін Еңбек Ері атағына ие болды.
Атаулы жеңіл атлетика турнирінің салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I шақырылым депутаты Валерий Громов, Әлия Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры Ерден Халилин, Қарағанды облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Нұрлан Әубәкіров, Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Татьяна Шатохина және спорт қоғамының өкілдері құттықтау сөз сөйледі.
Жыл сайынғы турнирді өткізуді ұйымдастыруда Яуда Мұсағалиевтің отбасы мен Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы, «ҚАЗКӨМІРКӘСІП» Салалық кәсіподағының «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағы, жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі ұжымдарының атына алғыс сөздер айтылды.