Оралда ұстаздар арасында «Денсаулық» спартакиадасы бастау алды

Наурыз айының 24 күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» ҚБ ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелері арасындағы облыстық VII-ші «Денсаулық» спартакиадасының ашылу салтанаты өтті.

Турнирде ұстаздар құрама командалары волейбол, үстел теннисі бойынша бақ сынайтын болады.Спорттық доданың салтанатты ашылу рәсімінде Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Мыңбаева Айгүл Әділгерейқызы, облыстық ғылым және білім саласы қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Даупаев Марат Оразалыұлы, БҚО «Кәсіподақтар орталығы» төрайымы Есекенова Айгүл Оразқызы, ардагер ұстаздар мен еңбек сіңірген білім қызметкерлері қатысушыларды мерекемен құттықтап, ойынға сәттілік тіледі.

Аталмыш шараның негізгі мақсаты – еңбеккерлердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, ғылым және білім саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әр ауданнан келген ойыншылар арасында өзара жолдастық, достық қарым-қатынас орнатуға септігін тигізіп, олардың бос уақытын тиімді пайдалануына жәрдемдесу.