Білім саласы қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өткізілді

Қарқаралы қаласының Орынбек Жәутіков атындағы ЖББ № 1 мектептің базасында Қарқаралы ауданының білім саласы қызметкерлері кәсіподақ комитеті филиалының және мектептің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қарқаралы қаласының білім саласы қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өткізілді.

Аудандық кәсіподақ комитеті филиалының төрағасы А.Секербайұлы жарыстың ашылуында келген командаларды Наурыз мерекесімен құттықтап, жарыста сәттілік тіледі.

Жарыс ережесімен Орынбек Жәутіков атындағы ЖББ №1 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Р.Бектурсынов толықтай таныстырды. Жарысқа Қарқаралы қаласындағы білім беру ұйымдарынан 5 команда қатысып, өте тартысты жарыс болды. Нәтижесінде ІІІ орынды «Қарқаралы қаласының Ә. Ермеков атындағы ЖББ№2 мектеп» командасы, ІІ орынды «Қарқаралы қаласының қосымша білім беру ұйымдары» командасы, І орынды “Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы ЖББ№1 мектеп” командасы иеленді.

Жүлделі орынды иеленген командалар І, ІІ, ІІІ дәрежелі кубоктармен, медальдармен, мадақтамалармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

“Үздік қорғаушы” номинациясына Орынбек Жәутіков атындағы ЖББ №1 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Т.С.Алиев, “Үздік шабуылшы” номинациясына М. Бапиұлы атындағы ЖББ№44 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н. Ілдебай лайық деп танылып, грамоталар мен ақшалай сыйлық табысталды.