Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, батыр да, ақын да, жұмысшы да, егін салған диқан да, мал баққан шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Ұстаз шәкіртін өмірге баулушы екені белгілі. Бұл ретте, кейіпкеріміздің жетістігі көп, үлгі етерлік істері жетерлік.
Гүлвира Журкубаева – еңбек адамы, тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, педагогикалық әулеттің жалғастырушысы, жастардың тәлімгері және 1988 жылдан бастап “Перелески жалпы білім беретін мектебі” КММ кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесі. Ол өз кәсібіне өмірінің 35 жылын арнады, оның ішінде 16 жыл мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. Оқушылар мен әріптестер ғана емес, ата-аналар да оған көп жылдық еңбегі, шыдамдылығы мен кәсібилігі үшін алғыс айтады.
Біздің кейіпкеріміздің айтуынша, оның педагог мамандығын таңдауы ата – анасының ықпалы болды. Ата-анасы – ауыл мұғалімдері. Әкесі Темірке Жүнісұлы тарих пәнінің мұғалімі, анасы Сайран Нұрпанқызы, бастауыш сынып мұғалімі болған.
Енді Гүлвира Журкубаеваның өзі мұғалімдердің еңбек әулетінің негізін қалаушы. Үлкен ұлы – дене шынықтыру мұғалімі, қызы – музыка мұғалімі, ал кіші ұлы педагогикалық университетте оқиды.
Оның жұмыс күндері – бұл тек сабақ өткізу ғана емес, сонымен қатар пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, ата-аналар жиналыстарында сөз сөйлеу, семинарларға қатысу, шеберлік сыныптарын өткізу, сараптамалық кеңесте жұмыс істеу, КВН-ге дайындық және шығармашылық конкурстарға қатысу.
Гүлвира Журкубаеваның еңбегі көптеген грамоталармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Гүлвира Теміркеевнаның айтуынша, егер оған қайтадан мамандық таңдау мүмкіндігі берілсе, ол өз халқының тарихы мен мәдениетін таразылап, рухани құндылықтарды бойына сіңіретін, елжанды тұлға тәрбиелеу жолын қайта таңдайтын еді.