Ақтөбелік кәсіподақ мүшелері білім марафонына қатысты

ҚР Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған өндірістегі қайғылы жағдайларды есепке алу және тіркеу мәселесіне арналған білім марафонының кезекті семинарына Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы мен салалық, жергілікті, бірлескен кәсіподақтардың Ақтөбе филиалдарына қарасты бастауыш ұйым мүшелері белсене қатысты.


Семинарда жазатайым оқиға кезіндегі іс-әрекеттер, реттеуші заң нормалары мәселелері қамтылды. Семинарға білім, «Қызмет», «Сенім» және мәдениет салалық кәсіподақтары мүшелері мен Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Ақтөбе жылу орталығы, т.б. өндіріс орындарының кәсіподақ ұйымының мүшелері қатысты.

Кәсіподақ мүшелерінің біліктіліктерін арттыруға бағытталған мұндай семинарлар алдағы уақытта да жалғасатын болады.