«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалы мен Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы ұзақ жылдар медицина саласында еңбек еткен 100 ардагерге арналған салтанатты мерекелік шара өткізді.
Салтанатты шарада денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ төсбелгілері, Құрмет грамоталары, алғыс хаттары табысталды.
Кездесу соңында еңбек ардагерлері еңбек адамына құрмет көрсеткен кәсіподаққа алғысын айтып, елдің амандығын тілеп, ақ батасын берді.