2023 жылғы 27-29 наурыз аралығында Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде кәсіподақ қызметінің үздік тәжірибелерін зерделеу мақсатында «Ақмола облысы Кәсіподақтар орталығы» АКБ бас маманы Даниэль Билялов болды.
Танысу бағдарламасына Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұжымымен, «Павлодарпрофсервис» ЖШС-мен, салалық және жергілікті кәсіподақ бірлестіктері филиалдарының төрағаларымен танысу кездесулері, Заң клиникасы мен татуластыру орталығы филиалының жұмысын зерделеу, азаматтарды бірлесіп қабылдау, Павлодар облысы заң консультанттары палатасының кәсіби медиаторларымен және заң консультанттарымен диалог алаңына қатысу, келісу комиссияларының мүшелерімен кездесу үшін «ҚазТрансОйл» АҚ және ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы» КМК кәсіпорындарына бару, Павлодар қалалық сотының судьяларымен «Теориядан практикаға» оқыту семинарына қатысу енгізілді.
Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі татуласудың, ұжымдық шарттарды талдаудың үздік тәжірибелерімен, келісім комиссияларының мүшелерін оқыту тәжірибесімен, еңбек дауларының алдын алу үшін іс-шаралар жүргізу тәжірибесімен бөлісті.
«Ақмола облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өкілінің қатысуымен Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жұмысының үздік тәжірибелерін зерделеудің жаңа форматы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының қоғамдық қызметінің озық тәжірибелерімен алмасу жөніндегі кәсіподақ жобасын сәтті жалғастырды», – деп атап өтті Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова.