Үлкенге құрмет – кішіге ізет

«Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» Жастар кеңесі, Жетісу құрылыс-техникалық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері және Талдықорған жастары орталығы Талдықорған қаласының тұрғыны, зейнеткер, I топ мүгедегі  Рая Мамбетоваға азық-түлік себетін табыстап, ардагердің үй шаруасына көмектесу, ауласын тазалау жұмыстары жүргізілді.


Шараның мақсаты – жастардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, салт-дәстүрді қастерлеу, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Осындай бағыттағы игі іс-шаралар әрқашан өз жалғасын табады.