Кәсіподақ қасиетті Рамазан айында ауызашар ұйымдастырды

Қасиетті Рамазан айында «Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауыт әкімшілігі мен біріккен кәсіподақ ұйымы өздерінің ораза ұстаған 100-ге жуық қызметкерлеріне қаламыздағы «Рахат» мейрамханасында ақ дастархан жайып ауыз ашар ұйымдастырып сауапты іс жасады. Жиналған жұртшылық игілікті іске мұрындық болып отырған кәсіпорын және кәсіподақ басшылығына алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жылдағы дәстүр бойынша зауыт әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы Рамазан айында ораза ұстап, қадір-қасиетін ұлықтап ниет еткен өздерінің қызметкерлеріне ауыз ашар ұйымдастырып құрметтеп отырады. Осы дәстүр биылда өз жалғасын тапты. Аға буын бастаған, орта және кіші буын өкілдері өздеріне көрсетілген қошеметі, ізгі ниеті үшін компания басшылығынаалғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.


“Рамазан айы келісімен көбіміз ауыз ашар беруге асығамыз. Бұл әрине өте құнды, сауапқа толы іс-шара. Басшыларымыз осындай іс-шаралардан тыс қалған емес. Бүгінгі Рамазан айындағы басқосу зауыттықтарға ерекше бір көңіл-күй сыйлады. Аға буын өкілдерімен дастархан басында ашық-жарқын әңгімелесіп әріптестерімізді көріп бір жасап қалдық. Барша жамағатты қасиетті Рамазан айының жарқын күндерімен құттықтап, тілеген тілектеріңіз қабыл болсын дегім келеді. Келесі жылы да осындай ауызашарға аман – сау жетуге нәсіп етсін”, – деп ақ жарма тілегімен бөлісті зауыт ардагерлер кеңесінің белсенді мүшесі Дүйсенбек Құлбаев.