Оралда қауіпсіз еңбек қатынастары талқыланды

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» ҚБ ұйымдастыруымен ҚР Кәсіподақтар федерациясы жариялаған «2023 жыл – Қауіпсіз еңбек жылы» аясында Батыс Қазақстан өңіріндегі аудандық кәсіподақ төрағалары қатуысумен дөңгелек үстел өтті.

Шараның басты мақсаты – білім беру ұйымдарындағы оқушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбекті қорғау мәселелеріне тоқталып, өндірістік жарақаттануды, жазатайым оқиғаларды, жұмысшылар мен оқушылардың жалпы және кәсіптік аурушаңдығын азайтуға ықпал ету.

Шараның модераторы, БҚО білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Марат Даупаев еңбек қауіпсіздігі тақырыбындағы атқарылып жатырған шаралар мен жоспарларға қысқаша шолу жасады. Еңбек қауіпсізідігінің сақталуындағы кәсіподақтың рөлін айрықша атап өтті.

Дөңгелек үстел қатысушылары аталмыш бағыт бойынша өз ауданында жасалынып жатқан шараларға тоқталып, әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісті.